ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Коронавирустың таралу қарқыны төмендей бастады – Алексей Цой

Қазақстан COVID-19 вирусының таралуы бойынша «сары» аймаққа орналасты

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министрдің берген ақпаратына сәйкес, Қазақстан қазір «сары» аймақта.

«Қызыл» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан. «Сары» аймақта алты өңір бар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған сегіз аймақ «жасыл» аймақта.

«Жалпы республика бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші азаюда. Соңғы аптада КВИ жұқтырғандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін (21 пайызға) төмендеді. Жалпы, соңғы айда ауру 1,6 есеге азайды», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

1 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсектердің 28 %-ы, реанимациялық төсектердің 24 %-ы науқастармен толықты.