31.05.2021, 16:20
Жаңалықтар
Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
Төртеуінің қарсыласы - өзбек боксшылары
фото: olympic.kz
Бүгін бокстан Азия чемпионатында ерлер арасындағы финалдық бәсекелер басталады. Қазақстан командасының бес боксшысы жарыстың алтын жүлдесіне таласады.
Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары төмендегідей:
- 49 келі: Даниял Сәбит – Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан);
- 69 келі: Абылайхан Жүсіпов – Бобо-Усмон Батыров (Өзбекстан);
- 75 келі: Әбілхан Аманқұл – Саиджамшит Жафаров (Өзбекстан);
- 91 келі: Василий Левит - Санжит (Үндістан);
- +91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалалов (Өзбекстан).
Финалдық кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Еске сала кетейік, Азия чемпионатында қазақстандық әйелдер құрамасының 8 боксшысы алтын медаль жеңіп алды.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
