ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды

Берік Әбілов 2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды

Берік Әбілов, фото: lada.kz

Аға әділет кеңесшісі Берік Рақатұлы Әбілов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Берік Әбілов 1971 жылы Талдықорған облысының Жаркент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (құқықтану) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған.

Алматы қаласы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратураның басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.