ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Қазақстан рекордын орнатты

Заңғардың бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына жөнелтілді

Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Осылайша бастапқы жоспарланған уақыттан 3 сағатқа ерте келді. Жезқазған қаласынан шыққан желаяқты Жаңаарқа жұрты зор қошеметпен қарсы алып, көлік сыйлады. Алғашқы күні Заңғар еш тоқтамастан 70 шақырым жүгірген, кейін әр 40 шақырым сайын аялдап отырды. Денсаулығын дәрігерлер жіті қадағалады. Заңғар қазір әскери-полиция офицері болып еңбек етеді. Ол бұл рекордты қашықтыққа емес, уақытқа арнап отыр. Қазір Заңғардың бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына жөнелтілді. Егер олар әлемдік рекорд деп мойындаса, арнайы сертификат тапсырады.

 «Бұл Қазақстанның алғашқы осындай ультрамарафонды жүгіріп қойған рекорды. Сол рекорд біздің кезекті қараша айында шығатын рекордтар кітабына енейін деп отыр»,- деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.