$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2021, 16:42
Жаңалықтар

Румынияда 12-15 жастағы балаларға КВИ-ге қарсы екпе салына бастады

Балаларға вакцинация ата-аналары жазбаша келісім берген соң жүзеге асырылады

Румынияда 12-15 жастағы балаларға КВИ-ге қарсы екпе салына бастады

Румынияда 12-15 жас аралығындағы балаларға BioNTech/Pfizer екпесін салдыра бастады. Атап айтқанда, ел астанасы Бухарестте сенбі, 29 мамырда қалалық саябақтардың бірінде екі мобильді егу станциясы қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, станциялардың қызметкерлері екпе қабылдауға ниетті азаматтарды вакцинациялай бастады.

Румынияның Hotnews.ro жаңалықтар порталының хабарлауынша, балаларды егу ата-аналар вакцинацияға келісім беру туралы құжатқа қол қойғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Сондай-ақ Нидерландыда маусым айының басынан локдаун талаптары жеңілдетілмек. Атап айтқанда, барлар мен мейрамханалар келушілерге көшеде ғана емес, ішкі бөлмелерде де қызмет ете көрсете алатын болады. Сонымен қатар, елде музейлер ашылуы мүмкін деген болжам бар.

Ал Францияда Версаль сарайының аумағында коронавирусқа қарсы егу пункті ашылды.
Тұрғындар екпені қабылдаған соң, цитрус ағаштары бар бақшаны аралап, француз патшаларының бұрынғы резиденциясының бай сәулетін тамашалай алады. Жергілікті биліктің айтуынша, бес күн ішінде мұнда бес мың адам дозасын ала алады.

Айта кетейік, СOVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 24 миллионға жуық француз салдырған. Ал 31 мамырдан бастап вакцинация жасы 18-ден асқан Францияның кез келген тұрғыны үшін қол жетімді болады.

Серіктес жаңалықтары