ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Ақмола облысында 200-ден астам нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейді

Өңірде 21 сәуірден бері «сары» статусы бар 11, «қызыл» статусы бар 7 адам қоғамдық нысандарға өтпек болған

Ақмола облысының екі жүзден астам нысаны «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының аумағындағы бизнес субъектілері коронавирус инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша «Ashyq» жобасына 21 сәуірде қосылған болатын.

Қазіргі таңда облыс бойынша жобаға қатысу үшін 285 өтінім түскен, олардың 239-ы ресми түрде рәсімделіп, кәсіпкерлерге QR-кодтары берілді

«Аталған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілгендіктен, жеке тұлғаның статусын, оның накуқаспен қарым қатынаста болғанын немесе қай санатқа жататындығын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Мәселен, 27 мамырда Щучье қаласындағы кинотеатрына «қызыл» статусы бар ер адам кірмек болған. Анықталған келушінің кинотеатрға кіруіне жол берілген жоқ», - делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

 «Ashyq» жобасы іске қосылғалы бері Ақмола облысындағы қоғамдық нысандарға «сары» статусы бар 11, «қызыл» статусы бар 7 адам өтпек болған.