ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодар облысында шекарадан 1,4 мыңнан астам шетелдік анықтамасыз өтпек болған

Тек бір тәулікте облыстағы шекара арқылы 335 азамат өткен

 

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Павлодар облысында мемлекеттік шекарадағы «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлу Ағаш», «Шарбақты» өткізу бекеттерінде қозғалысқа мониторинг жүргізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тек 26 мамырдың өзінде Павлодар облысының шекарасы арқылы 335 азамат өткен. Олардың 148-і – жаяу жүргінші, 187-і – жүк көліктерінің жүргізушісі. Осы күні карантиндік стационарға 9 адам орналастырылды.

«Бір тәулік ішінде өткізу бекеттерінде COVID-19 расталған жағдайлар анықталған жоқ. Ресей мен Қырғызстаннан келген 2 азаматтың елге кіруіне тыйым салынды. Шетелдіктер ПТР тексеруінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған», - делінген комитет хабарламасында.

2020 жылы 19 қыркүйектегі шектеулер енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына 108 943 адам келді. Олардың 65 296-ы – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізуші болса, 43 647-і – жолаушы.

26 мамырдағы жағдай бойынша 30 911 ПТР тексеру барысында аурудың асимптоматикалық ағымы бар 202 адам анықталды.

ПТР тексеруден өткізу үшін 3 180 қазақстандық карантиндік стационарларға жатқызылды.

«1 446 шетелдіктің елге кіруіне (анықтамасыз) жол берілген жоқ», - делінген хабарламада.