ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Алматы қаласының жаңа бас имамы тағайындалды

Төлеби Оспан бұған дейін Ақтөбе облысының бас имамы болған

Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас мүфти бұйрығын наиб мүфти Ершат Оңғаров жиналған жамағатқа оқып берді. Бұйрыққа сәйкес, Алматы қаласының бас имамы қызметін атқарған Еркінбек Шоқайға Наурызбай қажы Тағанұлының игі тілегі мен ілтипатын жеткізді.

Айта кетсек, Төлеби Оспан бұған дейін Ақтөбе облысының бас имамы болған. 1981 жылы дүниге келген.

Білімі:

1997-1999 жылдары Шымкент қаласындағы «Дарул Арқам» құран курсында Құран жаттаған.
2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ислам Институтына қарасты Қарилық бөлімінде білім алған.
2000-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ашық университеті «Филология» факультетінің «Қазақ тілі және Әдебиеті» мамандығын бітірген.
2009 жылы Түркия Республикасының Болу қаласында 2 айлық имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті.
2012 жылдың наурыз-қыркүйек айларының арасында Түркияның Ыстамбұл қаласында діни біліктігін арттырған.
2011-2013 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» факультетін тәмамдаған.
2016-2018 жылдары «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі атағын алған.

Еңбек жолы:

- 2002-2003 ж.ж. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылының бас имамы.
- 2003-2005 жылдары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти көмекшісі.
- 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы.
- 2006-2016 жылдары аралығында Елордадағы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы.
- 2016 жылдың 6 мамырынан бастап бүгінге дейін ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша бас имамы және «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы жанынан құрылған Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.