28.05.2021, 11:57
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды
Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады.
Бұл бағдарламаға келесі тұрғындар қатыса алады:
- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- жасына байланысты зейнеткерлер;
- жетім балалар;
- қандас;
- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасы.
Бағдарлама бойынша пәтерлердің жалпы саны – 100. Оның ішінде 30 пәтер "Жетім балалар" санатына ғана арналған. Ай сайынғы жалдау ақысы - 5 000-нан 15 000 теңге аралығында болады. Өтінімдер 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.
Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды