$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 21:55
Жаңалықтар

Елбасы өзіне ескерткіш орнату идеясын мүлдем ұнатпайды – Айдос Үкібай

Елбасының баспасөз хатшысы кей адамдардың әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдыратынын айтты

Елбасы өзіне ескерткіш орнату идеясын мүлдем ұнатпайды – Айдос Үкібай
Фото: elbasy.kz

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш орнату сынды сыйлықтарды мүлдем ұнатпайды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елбасы бұл идеяны және осыған дейін көтерілген өзге де бастамаларды қолдаған жоқ. Оған ескерткіш орнату, сәулет нысанының атауын өзгертумен байланысты мұндай «сыйлықтар», әсіресе бұл «сыйлықтар» жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса мүлдем ұнамайды. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай көңіл аударулардың қажет еместігін сан мәрте мәлімдеген болатын. Кейде кейбір адамдар әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдырады. Тарихта ол өз атын жаңа жобаға беруге келіскен бір ғана жағдай болды. Бұл – университет пен зияткерлік мектептер», деді Елбасының баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол Астана күні, Тұңғыш Президент күні және өзге де атаулы даталар ең алдымен адамдар, еліміздің азаматтары үшін мейрам екеніне баса назар аудартты.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді және де барлығымыз үшін басты сыйлық ескерткіштер немесе атау өзгерту емес, халқымыздың бірлігін, тұрақтылығын, әл-ауқаты мен гүлденуін сақтауға бағытталған жүйелі іс-шараларды сапалы жүзеге асыру болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның еңбегінің ең үздік ескерткіші – бұл жарқын болашаққа ұмтылатын, ілгері ойлай білетін жастар, бұл заманауи елордасымен, өз Отанын шынайы сүйетін азаматтарымен гүлденіп келе жатқан Қазақстан», деді Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, ТҮРІКСОЙ-дың Бас хатшысы Билал Чакыджи «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы: әріптестік интеграциясы мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференция барысында Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы бастама жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары