$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 15:39
Жаңалықтар

«Камп Ноуда» жеңіске жеткен футбол маманы алматылық «Қайрат» клубында қызмет етеді

Құрбан Бердыевтың міндетіне не кіретіні анықталды  

«Камп Ноуда» жеңіске жеткен футбол маманы алматылық «Қайрат» клубында қызмет етеді
фото: fckairat.com

Құрбан Бердыев алматылық «Қайрат» футбол клубының Бақылаушылар кеңесі төрағасы кеңесшісі болды. Бұл туралы футбол клубының ресми сайтында жарияланды.

Бүгін Тимур Сегізбаев атындағы академияда Құрбан Бердыевты «Қайрат» ФК ұжымына таныстырды. Тәжірибелі маман үш бағытта қызмет етеді: команданың негізгі құрамын сүйемелдеу және кеңес беру, «Қайрат» академиясы мен клубтың Мәскеудегі жобасымен айналысу.

Оның жұмыс кестесі аралас режимде болады: оқу-жаттығу мен семинарлар өткізу үшін Алматыға тұрақты түрде келіп тұру және қашықтан.

Бүгін клуб академиясының бапкерлік құрамымен кездесу өтіп, U14 және U15 командаларының жаттығу барысымен танысты.

Құрбан Бердыев 1994-1995 жылдары алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері болды. 

Бердыев бас бапкер болған қазандық «Рубин» командасы 2008, 2009 жылдары Ресей чемпионы болды. 

Серіктес жаңалықтары