$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2021, 04:49
Жаңалықтар

25 мамырға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соқса, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін

25 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Жамбыл  облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл болады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Ақтөбе, облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары