ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Ұлттық компания директорларының жалақысы алты жылда 55 есе өскен

Сондай-ақ бонустар мен сыйақы мөлшері де KPI талаптарына сәйкес келмеген

Фото: ашық дереккөзден

6 жылда Ұлттық компания директорларының жалқасы 55 есе өскен, деп хабарлайды Atameken Business.  

2020 жылғы бюджетке ревизия жүргізген Есеп комитеті осындай тексеру қорытындысын жариялады. Оған қарағанда, мұндағы еңбекақының шекті өсімі шетелдік мамандардың, яғни жалдамалы топ-менеджерлердің үлесінде болған. Әрі бонустар мен сыйақының мөлшері KPI талаптарына сәйкес келмеген.

«Мемлекеттік аудитор, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың өз штаттарында арнайы маманның барына қарамастан, қосымша сырттан кеңесшілер де жалдап келгенін анықтапты», - делінген хабарламада.

«Тағы бір әшкерленген жайт – ұлттық компаниялардың экономикаға қосып жатқан үлесінің соңғы уақытта тым төмен болуы. Мәселен, осындай қара тізімге «Самұрық-Қазына», «ҚазАгро» және «Бәйтерек» кірген. Олардың экономикаға қосқан үлесі тек 12%-ды ғана құраған.