ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 140 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: sputniknews.kz

13 желтоқсан күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 13 желтоқсан күні республиканың кейбір аумақтарында жауын-шашын болады, ал кей жерлерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.