$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2019, 09:31
Жаңалықтар

«Сенім жәшігі»: Петропавл студенттері жатақхана тапшылығына шағымданды

Жоғары оқу орнының өкілдері бұл мәселеге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады 

«Сенім жәшігі»: Петропавл студенттері жатақхана тапшылығына шағымданды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласындағы жалғыз жоғары оқу орны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің корпустарында «Сенім жәшіктері» орнатылған болатын. Бір айда студенттерден 9 шағым түскен. Олардың басым бөлігі жатақханадағы орын тапшылығы мен жол жүру ақысының қымбаттығына шағымданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сенім жәшігі»  –  «Jas Otan» жастар қанаты, «Қызылжар - адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ»  жобалық кеңселерінің бірлескен жобасы. Оның мақсаты – оқу орны мен жатақханадағы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу.

«Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі хабарлағандай, студенттер жатақханалардағы орын тапшылығы мен қоғамдық көліктерде студенттерге жол жүзу ақысына жеңілдік жасалмайтынына шағымданып, білім беру гранттарының саны көбейтілсе деген тілектерін жолдаған.

«Jas Otan» жастар қанаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті мен «Adaldyk alany» жобалық кеңсесі «Адал сессия» акциясы аясында студенттер арасында ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарында жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі бойынша айтарлықтай олқылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар, жатақханаларда мониторинг жасалды. Ұзақ жылдардан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген, санитарлық талаптар бұзылған нысандар анықталды. Ондай фактілер бойынша жұмыс жалғасуда», - дейді жобалық кеңсе жетекшісі Бахытжан Тұрсынов.

Жоғары оқу орнының өкілдері студенттердің жатақханаға қатысты шағымдарын қанағаттандыру мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.  Ал жол жүру ақысының қымбаттығына байланысты жергілікті атқарушы органдарға студенттерге жеңілдік жасау жөнінде ұсыныс әзірленуде. «Сенім жәшіктері» жобасы жұмысын жалғастырады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары