$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2021, 16:09
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Латвияда хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр

 

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Жарыс қожайындары Латвияға қарсы өткен матчта Қазақстан буллит сериясынан соң жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Латвия — Қазақстан 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

Шайбалар:

1:0 — 27:44 Дарзиньш (Даугавиньш)
1:1 — 38:59 Шин (Старченко, Диц)
2:1 — 45:25 Букартс (Цибульскис)
2:2 — 45:37 Блэкер (Сведберг, Сагадеев)

Қақпашылар: Кивлениекс — Бояркин

Штраф: 8:4 (2:2, 4:2, 0:0, 2:0). 

Бүгін сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы екінші кездесуін өткізеді. В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы – қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасы.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады. Матч QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды. Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Серіктес жаңалықтары