ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қатты ыстық болады: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстігінде – найзағай, солтүстігінде түнгі сағаттарда тұман болады», - делінген хабарламада.

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында 23 м/с жетіп, шаңды дауылмен соғады.

Жамбыл және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының тауларында күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.