ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

WBC чемпионы Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

Америкалық боксшы көптен бері GGG-ді жекпе-жекке шақырып жүр

Америкалық боксшы Джермалл Чарло (31-0, 22 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) тағы да жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Белбеуі бар жігіттер - Головкин немесе Андрадеге қарсы жекпе-жек ерте ме, кеш пе, өтеді. Мен ешқайда асықпаймын, әлі жаспын, 31-демін. Істеп жатқан жұмысымнан ләззат аламын. Головкин менімен неге жұдырықтасқысы келмейді? Жақсы сұрақ, бірақ мұны оның өзінен сұрау керек. Өйткені, шынымды айтсам, оны өзім де білмеймін. Бірақ ол менің WBC белбеуімді қаласа, мен жекпе-жекке дайынмын», - деді Чарло.

Еске салайық, Головкин орта салмақта IBF және IBO титулдарының иегері, ал Джермалл Чарлоның еншісінде WBC белбеуі бар. Америкалық боксшы көптен бері GGG-ді жекпе-жекке шақырып жүр.