$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2021, 09:17
Жаңалықтар

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілер саны азаяр емес

Өңірде бір күн ішінде көлікті мас күйінде басқарған 6 адам анықталды

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілер саны азаяр емес
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілер саны азаяр емес, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық  ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні жылдамдықты асырып жүретін 26 жүргізуші анықталған, 34 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, ал 6 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Екі жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы болмаған. Жүргізушілерден бөлек, 20 жаяу жүргінші  жол қозғалысы ережелерін бұзған.

«17  мамыр күні сағат 02.20-да Ақсу қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын басқарған «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды. Куәландыру  оның мас болғанын растады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов

Сол күні Шарбақты ауылында полиция қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған ауыл тұрғыны басқарған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары