17.05.2021, 20:51
Жаңалықтар
Алексей Цой коронавирусқа қарсы екінші екпені салдырды
Алексей Цой QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырған болатын
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы министр өзінің Facebook-парақшасында жариялады.
«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші компонентін салған кездегідей өзімді жақсы сезініп отырмын. Ешқандай жанама әсері болған жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың бір ғана тиімді әдісі Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді сақтаңыздар!», - деп жазды министр.
Еске сала кетсек, сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасын салдырды. ДСМ дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 1 844 938 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина алған.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар