$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 15:46
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина алды

Қалада егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды

Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина алды

Елорда тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам вакцинацияланды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басқарма қоймаларында вакцина қоры жеткілікті.
Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды.

Бүгінде вакцинация пунктері «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО-ларында және «Әлем», «Астаналық» сауда үйлерінде ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Серіктес жаңалықтары