ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қазақстандықтар нормадан артық жұмыс істейді - Ұлттық статистика бюросы

Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс

Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мысалы, тау-кен өнеркәсібінің 85 мың қызметкері аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істейді. Жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын 42 мың адам, қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану саласында 43 мың адам аптасына 40 сағаттан артық еңбектенеді екен.

Ұлттық статистика бюросы бұл тізімге басқа да сала қызметкерлерін кіргізіп отыр.

Атап айтсақ, көлік, құрылыс және бөлшек саудамен айналысатындардың 20 проценттен астамы белгіленген нормадан артық жұмыс істейді.

Айта кетейік, еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.