17.05.2021, 10:22
Жаңалықтар
Сарыағашта 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Ол 10 жыл бойы Ресейде жұмыс істеп келген
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі 2008 жылы жергілікті тұрғын арызданып, «Өзбекстан елінен ірі мөлшерде ет алып келіп беремін» деген танысының 2,5 млн теңгесін жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеліп, іздестіру жүргізілген.
Нәтижесінде, жедел уәкілдер тобы күдікті азаматтың Мәскеу қаласында жүргенін анықтап, бөлімге жеткізді.
Белгілі болғандай орта жастағы күдікті азамат 10 жыл бойы Ресейде жұмыс істеп жүрген жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Күдіктіден айғақ зат ретінде ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ер азамат қамауға алынып, күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды