$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 10:16
Жаңалықтар

UFC: қазақстандық спортшы қарсыласын 2 минутта нокаутқа жіберді

Жекпе-жекті тамашалауға UFC президенті Дана Уайт келді

UFC: қазақстандық спортшы қарсыласын 2 минутта нокаутқа жіберді
скриншот: видео

Бүгін Хьюстон қаласында (АҚШ, Техас штаты) Fury Fighting лигасының титулы үшін қазақстандық Николай Веретенников (83-) пен америкалық Энтони Айви (6-4) арасында жекпе-жек өтті.

Жекпе-жек Fury FC 46 турнирінен басталып, орта салмақтағы кездесулер өтті. Веретенниковтың кездесуі мерзімінен бұрын аяқталып, қазақстандық спортшы қарсыласы 2 минутта нокаутқа жіберді. Бұл - қазақстандық спортшының ММА-дағы тоғызыншы жеңісі, ал америкалық Айви осымен бесінші рет жеңілді.

Еске салайық, жекпе-жекті тамашалауға UFC президенті Дана Уайт келді. Энтони Айви бұрын Дана Уайттың промоушенінде өнер көрсетті.

Николай Веретенников бұл кездесуге дейін қатарынан 7 қарсыласынан басым түсті. Ол соңғы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен Стивен Джонстан (8-2) басым түсті.

Серіктес жаңалықтары