ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Павлодарда екі жасөспірім жоғалып кетті

Олар кеше түскі уақытта кеткеннен бері қайта оралмаған 

Павлодарда екі жасөспірім жоғалып кетті. Олар 16 мамыр күні түскі уақытта Қайырбаев көшесі, 72 мекенжайынан шығып кеткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Vita" іздеушілерінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар әлі күнге дейін оралмаған. 

Данькова Алена Владимировна, 04.09.2006 жылы туған. Қара былғары куртка, көк футболка, қара шалбар, жеңіл кроссовка киген. Қызғылт түсті рюкзак алып шыққан.

Лэсь Данил Александрович, 30.10.2010 жылы туған.Ақ жолақты футболка, қара қалпақ және қара кроссовка киген. 

«Егер балалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат жайлы білсеңіз, еріктілерге келесі телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз:
8 747 615 55 63 (Катерина),  8 777 334 82 01 (Светлана) немесе "102"-ге қоңырау шалуды сұраймыз», - деп хабарлайды VITA іздеушілері.