$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2019, 02:56
Жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды

Бұл ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдадюды

Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Димаш Құдайбергенге «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру ұсынысын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы қоғамдық бірлестіктер мен депутаттардың ұсынысымен қаралып, талқыланды. Барлығы 10 адамның аты-жөні аталғанымен, төртеуі лайықты деп танылды. Олар - философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин. Құрметті азаматтар қатарында бүгін Нью-Йорктегі концертін аншлагпен өткізген Димаш Құдайберген де бар.

«Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлдегі орын алды», - деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов.

Серіктес жаңалықтары