ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Ауа райы: Қазақстанның алты өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің кей өңірінде шаңды дауыл соқса, шығыс аймағында бұршақ жауады

Фото: vecherka74.ru

Синоптиктер еліміздің алты өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 мамырда Маңғыстау облысында күндіз 38 градус қатты ыстық болады.

14 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.  

14 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 14-16 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. 14-16 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 15, түнде 16 мамырда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Шымкент қаласында 14 мамырда шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.  

14 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: