$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2021, 16:52
Жаңалықтар

Екі апта өтті: Павлодарда әскери шақыру пунктінен қашқан екі жігіттің бірі әлі табылған жоқ

БАҚ өкілдері әскери шақыру пунктінен қашқан екеудің бірі танымал футболшы екенін хабарлады

Екі апта өтті: Павлодарда әскери шақыру пунктінен қашқан екі жігіттің бірі әлі табылған жоқ
көрнекі фото

2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылуға жататын Павлодар қаласының тұрғындары - 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі жарақат алып, № 1 қалалық ауруханаға түсті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовтың аяғына ота жасау қажет болған.

Ал, жергілікті полиция өкілдері әскери шақыру пунктінен қашқан екінші азамат - Рүстем Назымбековті әлі іздеп жатыр. Оның қайда жүргені әлі белгісіз. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Павлодар облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова айтты.

Еске сала кетейік, Vesti порталының хабарлауынша, Рүстем Назымбеков - 2018 жылы «Ақсу» футбол клубы сапында, 2019 жылы «Екібастұз» командасы сапында ойнаған футболшы. Сондай-ақ жартылай қорғаушы алматылық «Қайраттың» жастар құрамында болғанмен, келісім-шарт жасаспаған. Тіпті, алматылық ұжым Рүстем Назымбековпен келісім-шарт жасасуға ойыншының тәртіп мәселесіне қатысты бас тартқан болуы да мүмкін.

Жас футболшы 2019 жылы «Астана М» құрамында оқу-жаттығуға қатысып, ол ұжымда да орнын сақтап қала алмаған. 

Серіктес жаңалықтары