ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстанда 4 миллионға жуық жеңіл көлік тіркелген

Жыл басынан бері 224 мың автомобиль тіркелді

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3,8 миллионнан астамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.  

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 224 421 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5% көп.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көлік саны 3849,9 мың бірлікті құрады. Сондай-ақ статистика мәліметіне сәйкес, биылғы қаңтар-наурыз аралығында 2621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттық жағдай 4,3% азайды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 8,8 млрд теңге сомасына 19 627 сақтандыру төлемін жасады.