$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2021, 11:32
Жаңалықтар

Мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағы көлемінің 58,1 пайызы үш өңірге тиесілі

Ұлттық банк төрағасы елдегі депозиттер мен кредиттерге қатысты деректерді де мәлім етті

Мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағы көлемінің 58,1 пайызы үш өңірге тиесілі
Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан бері 12,6 трлн теңгеге дейін төмендеді. Мұндай деректерді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отрысында хабарлады.

«Осы жылдың 11 мамырындағы жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу жөніндегі 266,8 мың өтініш мақұлданып, 1,3 трлн теңге сомасында қаражат шешілді. Тұрғын үй мәселелерін шешуге алынған жинақтардың 99,4%-ы жіберіледі. Емделуге 4,7 млрд теңге пайдаланылды,

1 478 азаматтың 3,4 млрд теңге сомасындағы зейнетақы жинақтары 4 басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерболат Досаев.

Алынған жинақтар көлемінің 58,1 пайызы Маңғыстау облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі.

Ұлттық банк төрағасы елдегі депозиттер мен кредиттерге қатысты деректерді де нақтылап өтті.

«Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 23,4 трлн теңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютадағы қаражат салымы – 6,5%-ға, шетел валютасында – 4,8%-ға дейін ұлғайды. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2021 жылғы наурызда 36,9% деңгейінде қалыптасты», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Кредиттік портфель осы жылдың басынан бастап 1,2%-ға, яғни 169,6 млрд теңгеге ұлғайып, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14,8 трлн теңгені құраған екен.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары