$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2019, 14:11
Жаңалықтар

Алматы әкімдігі жекеменшік жер телімдерін мәжбүрлеп алмақ

Мемлекет меншігіне алынатын жер телімдерінің орнына автомобиль жолы салынады                

Алматы әкімдігі жекеменшік жер телімдерін мәжбүрлеп алмақ
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттің меншігі үшін күштеп алынатын жерлердің саны - 12. Қала әкімдігі жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу туралы арнайы қаулы да шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.    

Қаланың бас жоспарын орындау мақсатында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы үй мен жер учаскелері тұрғындардан алынбақ. Арнайы қабылданған құжатта шешімнің жер комиссиясының 2019 жылдың 4 сәуіріндегі қорытындысына сәйкес қабылданғаны айтылған. Мемлекет меншігіне алынатын бұл жер телімдерінің орнына автомобиль жолы салынбақ.                              

«Нысанды мәжбүрлі түрде жекеменшіктен шығару күні - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп бекітілді. Алматы әкімдігі 2019 жылы 28 қарашада «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алуға байланысты жер телімдерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде жеке иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулы қабылдады», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.                                

Меншіктегі мүліктері алынатын тұрғындар Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй, 801 кеңседен толық ақпаратты ала алады. Қаулының  орындалуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаев жауапты.

Тұрғындарға өтемақы Жер қатынастары басқармасы арқылы төленеді. Мәжбүрлі түрде алынатын жерлер кейін мемлекеттік активтер басқармасының балансына беріледі.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы 

Серіктес жаңалықтары