Нұр-Сұлтандағы «Ramada Plaza» қонақ үйі сатылады

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті

Нұр-Сұлтандағы «Ramada Plaza» қонақ үйі сатылады
Фото: Ramada Plaza Astana сайтынан

Ел астанасында ашылған ең алғашқы элиталық қонақ үйлердің бірі, қазір Нұр-Сұлтан қаласының ІІД қызметкерлері отырған «Ramada Plaza» ғимараты 2020 жылдың басында сатылымға түседі. Бұл жайында журналистерге Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып берді. 

«Ramada Plaza» келесі жылдың басында жекешелендіруге шығады. Ол ғимарат Ішкі істер министрлігінің жұмысына ыңғайсыз болып шықты. Сондықтан, оны мемлекет меншігіне қайтарып, ашық саудаға салу туралы шешім қабылданды», - дейді Қаржы министрі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бұл ғимаратқа 2018 жылдың күзінде көшіп барған болатын. Ал, Қаржы министрлігі ғимараттың қонақ үй ретінде жұмыс істегені дұрыс деп есептейді.  

«Біз ғимараттың қонақ үй ретінде жұмыс істегенін қалап едік. Нарықтық бағада сатылады, аукционда кім көп ақша ұсынса, сол алады», - дейді Смайылов.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.