$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2019, 11:03
Жаңалықтар

Белгілі банкир Жомарт Ертаевтың ісі сотқа түсті

Қазір Ертаев Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша оқшаулау изоляторында қамауда отыр

Белгілі банкир Жомарт Ертаевтың ісі сотқа түсті
Фото: ehonews.kz

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Жомарт Ертаевқа қатысты сот процесі басталады.

Экс-банкирдің ісіне байланысты алдын ала тыңдалым ертең 12 желтоқсанда өтеді. Судья басты сот талқылауын бастауға бола ма деген мәселе бойынша тараптарды тыңдамақ. Күдіктінің қорғаушылары өз талап-арыздарын ұсынатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Бұл істі қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Роман Селицкий қарайды. Жомарт Ертаевқа 2018 жылы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қаржыгер «Bank RBK» акционерлік қоғамынан 144 млрд теңгені ұрлауы мүмкін деген күдікпен көп ұзамай құрықталды. ҚР Бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа қарағанда ол қаржы инситутынан 2011-2017 жылдар аралығында қаржы шығарған.

Қазақстандық банкир 2018 жылы мамырда Мәскеуде Интерполдың көмегімен құрықталды. Жомарт Ертаев биыл наурызда елге қайтарылды. Қазір ол Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша оқшаулау изоляторында қамауда отыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары