ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Ақтоғайда Батырлар аллеясы ашылды

Аллеяда 9 естелік тақта орнатылды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында Батырлар аллеясы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Аллеяда Кеңес Одағының батырлары Серікбай Мүткенов пен Махмет Қайырбаевқа, Социалистік Еңбек Ерлері Мұқан Шажанханов, Антон Иосифович Энгельд, Лөкет Сағындықов, Бөкен Қызғарин, Қали Қаленов мен Әнес Ахмединовке және ҚР Еңбек Ері Мұрат Қайыргелдинге 9 естелік тақталар орнатылды.

"Бүгінгі күні орнатылған естелік тақталарындағы Батырлар Ақтоғай ауданының тумалары, олар өз еңбектерімен тек туған ауданының ғана емес, сонымен қатар басқа да аймақтардың дамуына үлес қосты. Бүгінгі оқиға –біздің барлық ұрпақтарымыздың батырларын есте сақтау және мәңгі есте қалдыру жолындағы үлкен жолдың басы", - деді аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Саяуыш Сәдуақасов.

Батырлар аллеясы «Ақтоғай Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынды. Қордың қаражаты кәсіпкерлердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің және ауданның белсенді тұрғындарының жарналары есебінен қалыптастырылады.