$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.05.2021, 23:58
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғыны 45 күнде Қазақстанның жеті өңірінде велошеру өткізбек

Алмат Балтабеков бұл саяхатын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр

Нұр-Сұлтан тұрғыны 45 күнде Қазақстанның жеті өңірінде велошеру өткізбек

Елорда тұрғыны Алмат Балтабеков 45 күн ішінде Қазақстанның жеті өңірінде велошеру өткізбек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Алмат Балтабеков велосипедпен үш мың шақырым жол жүрмек және бұл саяхатын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Велошабандоз спортқа деген құмарлығы әкесінен берілген қасиет дейді.

«Бала күнімнен туған елімнің кең-байтақ даласын араласам дейтінмін. Велосипедпен саяхат әр өңірдің көрікті жерлерін асықпай тамашалауға, тылсым сырына қанық болуға мүмкіндік береді. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толатындықтан Нұр-Сұлтаннан Талдықорғанға дейін 3 мың шақырым жол жүруді ұйғардым. Сапар барысында Қорғалжын қорығындағы фламингоны тамашалап, Шұбаркөл, Ұлытау, Сәтпаев, Жезқазған, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Мерке, Алматы қалаларын араламақпын. Сол сияқты Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесіне баруды жоспарлап отырмын. Маған қолдау көрсеткендеріңізге ризамын, бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын», — деді Алмат Балтабеков.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин мұндай іс-шаралар осыған дейін де өткізілгенін атап өтті.

«Жалпы, мұндай бастамалар отандастарымыздың спортқа деген құлшынысын көрсетеді. Мотивациялық акция ретінде жастар үшін спорттық бастамаларды жүзеге асыруға тырысамыз. Бәріңізге сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, веложарыс «Тәуелсіздік ұрпақтары» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары