Медициналық маска, арнайы киім мен аппарат: Қазақстан Үндістанға көмек жібереді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруы бойынша Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде медициналық маскалар, обаға қарсы арнайы киімдер мен жасанды жолмен тыныс беру аппараттарын жөнелтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында айтты.
«Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар, Үндістанға елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараты жеткізіледі.