$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2021, 21:58
Жаңалықтар

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы келер жылы да жалғасады – Сағынтаев

Бағдарлама аясында 1000 жас отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы келер жылы да жалғасады – Сағынтаев
Фото: ашық дереккөзден

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімінің мәліметіше, 2021 жылдың 10-31 наурызы аралығында «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды, мұнда бастапқы және қайталама нарықта баспана алу үшін 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.

«Бағдарлама аясында 1000 жас отбасыны қамту жоспарлануда, олардың арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың азаматтары бар, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО-ның және ҒЗИ-ның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы түскен барлық 9741 өтініштің 5913-і оң шешілді. 30 сәуірде іріктелген алғашқы 500 қатысушыға өтінім сайтында жолдамалар берілді. Келесі аптада, 7 күннен соң келесі 500 жолдама тапсырылады. Азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында жолдама кезең- кезеңмен берілетін болады.

Б. Сағынтаев бағдарлама үлкен сұранысқа ие екенін, сондықтан оны жүзеге асыру келер жылы жалғасатынын атап өтті. Өтінімді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат бағдарламаның сайтында және БАҚ-да жарияланады.

Серіктес жаңалықтары