$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 14:43
Жаңалықтар

Таразда эпидахуал күрделеніп келеді

Қазір барлық ауруханаларда орын тапшылығы сезіле бастады

Таразда эпидахуал күрделеніп келеді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Өңірде соңғы бір аптада 500-ге жуық адамнан вирус анықталған. Қазір барлық ауруханаларда орын тапшылығы сезіле бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сәйкес, өңірде бүгінгі күнге дейін қауіпті індеттен 64 адам қайтыс болған. Қазір мамандар халықты санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып дабыл қағып жатыр. Ойын-сауық, форумдар, конференциялар, отбасылық, спорттық іс-шараларды өткізуге толықтай тыйым салынды. Театр, кинотеатр, караоке, компьютерлік және түнгі клубтар жұмыс істемейді. Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал бұдан әрі де қиындаса блок бекеттер қойылуы мүмкін. Қазір жаңа қаулының жаңа жобасы жасалып жатыр.

 «Эпидемиологиялық жағдай қазір тұрақсыз болып тұр. Адамдардың тіркелу саны күннен күнге өсуде. Алайда бір аптада мысалға коронавирусты инфекцияның тіркелуі азайса келесі аптада керісінше көбею жағдайлары байқалып отыр. Егерде эфпидемиологиялық жаңдай 5 күн ішінде жақсармаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы Гауһар Макуетова.

Серіктес жаңалықтары