Үндістанда болған шетелдіктердің АҚШ-қа кіруіне тыйым салынды
Коронавирустың үндістандық штамы Малайзиядан да анықталды

Ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі Малайзиядан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын.
Сондай-ақ Албания билігі Ресейдің «Спутник V» вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ші ел болды.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды. Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.
Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойынша Түркия әлемде 5-ші орынға шықты. Бұл елде COVID-19 вирусын жұтырғандар саны 4,87 миллионнан асты.
Бүгінде Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд – 3 689 жағдай тіркелді.