03.05.2021, 13:16
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 1 млн 378 мыңнан асты
Ең аз вакцина салған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді
Фото: ашық дереккөзден
3 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 378 495 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда елімізде 1 378 495 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 312 197 адамға жетті.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 225 044 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 27 634 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.

Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды