$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2021, 10:48
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 қазақстандық көз жұмды

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 762 адам ауыр жағдайда жатыр

 

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 қазақстандық көз жұмды
Фото: kp.ru

Денсаулық сақтау министрлігі 3 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 16 адам қайтыс болды.

2 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 374 адам коронавирус инфекциясынан (43 920 КВИ+ және 454 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 762 адамның жағдайы ауыр,
• 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 1 мамырдағы мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 53 083;  

өлім жағдайлары – 809;

барлығы 51 820 адам сауығып шықты.

 

Серіктес жаңалықтары