Мәскеудің бұрынғы мэрі өмірден өтті
Юрий Лужков 18 жыл бойы Мәскеу қаласының мэрі болған
Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков 84 жасында дүниеден өтті. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Мюнхендегі клиникалардың бірінде оның жүрегіне ота жасалып, сонда қайтыс болған.
Юрий Михайлович Лужков 1992-2010 жылдар аралығында Мәскеу мэрі болды. 2010 жылдың қыркүйегінде Ресей президенті Дмитрий Медведев «президент сенімін ақтамағаны үшін» дегенді желеу етіп, Лужковты қала басшысы қызметінен босатты.
Юрий Лужков 1936 жылдың 21 қыркүйегінде Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тәмамдап, инженер-механик мамандығын алған (қазіргі Ресей мемлекеттік мұнай-газ университеті). 1996 жылдың маусымында, 1999 жылдың желтоқсанында және 2003 жылдың желтоқсанында Ресей астанасының мэрі болып сайланды.