ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан вирус анықталды

Қазақстанда карантин талаптарын сақтамаған мектептерге 18 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Бұзушылықтардың көбі Қарағанды облысында анықталған 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мектептердегі карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Оқу жылының III тоқсанында 11 қаңтар мен 1 сәуір аралығында 5 213 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 575 мектепте карантин талаптарын бұзушылық анықталды, бұл еліміз бойынша 11,0% құрайды.

Мектептердегі карантин режимі талаптарының негізгі бұзушылықтары ретінде келесі факторларды атап өтуге болады: көп жағдайда оқушыларға таңертеңгілік тексеру-сүзгі жүргізілмеген, оқу орындары қызметкерлері бетперделік режим тәртібін сақтамаған. Бұдан бөлек, бірқатар мектептерде арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ мониторингтік топтар бактерицидтік шамдардың, санитайзерлер мен залалсыздандыру құралдарының, пайдаланылған маскаларға арналған сыйымдылықтардың жеткіліксіздігін анықтады.

Осы жылдың 16-22 сәуір аралығында мониторингтік топтар мектептерге 439 тексеру жүргізген. Карантин талаптарын бұзушылық 80 мектепте анықталды, яғни 18,2% карантин режимі тәртібін бұза отырып жұмыс жасаған.

Бұзушылықтар бойынша жоғары көрсеткішер келесі аймақтарда орын алды: 

  • Қарағанды облысы – 26 бұзушылық;
  • Түркістан облысы – 15;
  • Қызылорда облысы – 12;
  • Шымкент қаласы– 9;
  • ШҚО – 8 бұзушылық.

Анықталған барлық карантиндік, санитариялық-гигиеналық талаптарды бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 99 тұлғаға жалпы көлемі 17 784 764 теңге әкімшілік айыппұл салынды.