27.04.2021, 14:10
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында браконьерлердің жасырын қоймасы табылды
Оған қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр
фото: ҰҚК баспасөз қызметі
26 сәуірде ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері іс-шара барысында өнеркәсіптік тоңазытқыштарда сақталған 3 тонна бекіре тектес балық жасырылған қойма табылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеуді бастап, биоресурстарды заңсыз жолмен өндіруге және оларды сатуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруда.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды