ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

«Қашықтан жұмыс істеймін»: Сенат спикері коронавирус жұқтырды

Мәулен Әшімбаев бойында ауру белгілері жоқтығын айтты

Мәулен Әшімбаев, фото: parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барынша сақтанып жүргеніне қарамастан коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады.

«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын», - деп жазды Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев барынша сақ болуға, індеттің алдын алуға мән беруге шақырды.

«Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік», - деді Сенат төрағасы.