$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2021, 10:26
Жаңалықтар

«Белсенді және жанашыр жандарды біріктіру». Jas Otan Biz Birgemiz еріктілер қозғалысын құрды

Жаңа қозғалыс еліміздің барлық белсенді және жанашыр жастарын бірігуге және волонтерлік қызметпен айналысатындарды қолдауға шақырады

«Белсенді және жанашыр жандарды біріктіру». Jas Otan Biz Birgemiz еріктілер қозғалысын құрды

«Nur Otan» партиясының жас белсенділері «Biz Birgemiz!» деп аталатын жаңа волонтерлер қозғалысын іске қосты. Бүгін басталған «30 игі іс» республикалық акциясы барысында жасотандықтар елорданың және еліміздің басқа өңірлерінің медицина қызметкерлеріне «алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастырды. Олардың әрқайсында дәрумендерге бай пайдалы өнімдер жиынтығы бар.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қозғалыс еліміздің барлық белсенді және жанашыр жастарын бірігуге және волонтерлік қызметпен айналысатындарды қолдауға шақырады. «Жастар-Отанға!» 5 жылдық бағдарламасы аясында волонтерлікке 100 мыңға жуық адам тарту жоспарлануда.

«Біздің волонтерлік қозғалысымыз карантин кезінде азаматтарды қолдау үшін Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған акцияның атымен аталады. Өткен жылы «Biz Birgemiz!» акциясына 5 мыңнан астам волонтер тартылды. Қазір «30 игі іс» акциясы аясында осы жастармен жүйелі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтіп, волонтерлік ұйымдарды қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты», - деді «Jas Otan» жетекшісі Нұржан Жетпісбаев.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «30 игі іс» акциясы шеңберінде әр ай белгілі бір тақырыпқа арналады: мамыр – «Bіrlіk», маусым – «Shapaǵat», шілде – «Baqytty otbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk».

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қоғамдық қоры 650 мыңнан астам мұқтаж отбасыны, яғни 2,2 млн қазақстандықты тікелей қаржылық қолдаумен қамтыған болатын.

Қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетіліп, су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына арнап бірнеше ондаған жаңа үй салынды.

Жалпы, #BizBirgemiz акциясы аясында 320 мыңға жуық отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Тұрмысы төмен 100 мың отбасына 5 миллион маска тегін таратылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Nur Otan #Jas Otan #Birgemiz