$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 10:47
Жаңалықтар

«Спорт емес саясат»: Владимир Путин WADA шешіміне қатысты пікір білдірді

Дүниежүзілік антидопинг агенттігі Ресей спортшыларын Олимпиада ойындарынан және әлем чемпионаттарынан 4 жылға шеттетті

«Спорт емес саясат»: Владимир Путин WADA шешіміне қатысты пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) Ресей спортшыларына байланысты қабылдаған шешімін саясиланған және Олимпиада хартиясына қарсы деп бағалады. Оның пікірінше, жаза бүкіл командаға емес, нақты спортшыларға қарсы қолданылуы тиіс.

«Бүкіл команданы жаппай жазалау дұрыс емес, допингке мүлдем қатысы жоқ спортшылар бар және WADA мұны жақсы біліп отыр», - деді Ресей президенті Парижде өтіп жатқан саммитте.

Оның пікірінше, бір елдің спортшыларын жаппай жазалаудың артында спортты допингтен тазалау мақсаты емес, саяси мақсаттар тұрған болуы мүмкін.

WADA шешімін қайта қарау үшін Ресей тарапы міндетті түрде сотқа жүгінеді дейді Владимир Путин.

«Ұлттық Олимпиада комитетіне мін таға алмаймын. Ресей спортшылары Ресей туының астында өнер көрсетуі керек. Бұл Олимпиада хартиясы», - деді В.Путин.

Еске салайық, дүйсенбі күні WADA атқару комитеті Ресей спортшыларын ірі жарыстардан, оның ішінде Олимпиада мен әлем чемпионаттарынан 4 жылға шеттеткен болатын. Допинг дауына ілінбеген спортшылар жарыстарға қатысады, бірақ ешқандай мемлекеттің атынан шыға алмайды.

Серіктес жаңалықтары