10.12.2019, 10:27
Жаңалықтар
Келесі жылы миллиондаған телефонда WhatsApp жұмысын тоқтатады
Себебі бұл жүйелерде мессенджер жаңартылмайды
Фото: ашық дереккөзден
2020 жылы миллиондаған телефонда WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтатады, деп жазады Zakon.kz.
Daily Mail сайтының хабарлауынша, WhatsApp 2020 жылы Windows Phone операциялық жүйесінде жұмыс істеуін тоқтатады. Сонымен қатар, WhatsApp 2.3.7 версиясына дейінгі Android-та және iOS 8-ге дейінгі iPhone-да жұмысын тоқтатады.
Өйткені бұл жүйелерде мессенджер жаңартыла алмайды.
WhatsApp 4.0.3 және одан жоғары версиялар орнатылған Android жүйесінде және iOS 9 және одан да жаңа версиялар орнатылған iPhone-да жұмыс істей береді. Сондай-ақ Linux KaiOS 2.5.1 және одан жаңа жүйелерде жұмыс істейді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды