$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 16:20
Жаңалықтар

Ірі екі компания басшысы пара алғаны және бергені үшін айыппұл төлейтін болды

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басшысының экс-орынбасарына айыппұл салынды

Ірі екі компания басшысы пара алғаны және бергені үшін айыппұл төлейтін болды
Асқарбек Өсербаев, фото: tengrinews.kz

«Бәйтерек» холдингіне кіретін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотының шешімімен КТК басқарма төрағасының орынбасары А.Өсербаевқа 72 миллион теңге, яғни параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынған.

КТР басшысының экс-орынбасары 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан актілерге қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сот үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа да (пара беруші ) 48 миллион теңге айыппұл салынды.

2 сәуірде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі сотқа жолданғаны хабарланды.

Ол ортақ мүлікті басқару (жылумен және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін заңды тұлғаның құрылтайшысынан 2,4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары