ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша қандай мамандықтарға басымдық берілетіні айтылды

Басымды мамандықтар тізімі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді

«Болашақ» бағдарламасы бойынша осы жылға арналған басым мамандықтар тізбесі академиялық оқуға арналған 80 мамандықты және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандықты құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Вирусология», «Робототехника», креативті экономикаға байланысты мамандықтар, ғылымдар тоғысындағы түрлі мамандықтар пайда болды. Биыл биотехнологтарға, биологтарға, сондай-ақ вакцинология саласындағы мамандарға көп көңіл бөлінуде. Мамандықтардың 7 блогының ішінен «Инновациялар және жаңа технологиялар» бөлімін ерекше атап өткім келеді. Бұл блокта экономикадағы жаңа салаларды құруға және қолданыстағы салалардағы елеулі прогреске ықпал ететін инновациялық мамандықтарды дайындау бойынша барлық бағыттар біріктірілген», - деді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл тізім мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өтінімдері негізінде, сондай-ақ елдің еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді. Ашықтық мақсатында тізбе арнайы комиссиямен қаралып, бекітілді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінген болатын. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша бөлінген, ал 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша беріледі. Бұл санат Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған болатын.

Айта кетсек, «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.